Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

«СУДЫҢ ДА СҰРАУЫ БАР»

1677472246042225.jpg

Су – жер бетіндегі таңғажайып жаратылыс. Сусыз адамзат – өмірін елестетудің өзі қорқынышты.Тіршілік құбылыстарының бәрі судан нәр алып отырады. Мамандардың есебіне сүйенсек, бір адам тәулігіне 500 литрге дейін су жұмсайды екен. Сонда мыңнан астам тұрғыны бар қаламызда тәулігіне қанша текше метр су жұмсалатынын пайымдап көріңіз.Сондықтанда су қорын үнемдеу,оны қорғау өте маңызды. Осы орайда 22 ақпан күні мектебіміздің «Экопатруль» тобыоқушыларының ұйымдастыруымен «Судың да сұрауы бар» атты экологиялық акциясы өтті. Акцияда оқушыларымыз арнайы жаднама парақтарын таратып,суды қорғау жолдарын,оны үнемдеу керек екендігін оқушыларымызға жеткізді.Суды қарапайым үнемдеу әдістері күнделікті краннан суды пайдаланудан басталады, яғни суды тек керек мөлшерде ғана пайдалану,автокөлік немесе ыдыс жуғанда керекті мөлшерде ыдысқа құйып жуу сияқты қағидаларды ұстану керек. Суды қорғау өмірді қорғау деген сөз.Сондықтан да суды үнемдеуді өзімізден бастайық!

Директорға сұрақ қою