Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

«ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ – ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАН» БІРЫҢҒАЙ ТӘРБИЕ САҒАТЫ

1684218341779793.jpg

     2023 жылдың 11 мамыр күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде 1-11 сынып оқушыларымен «Ұлт мақтанышы – Әлкей Марғұлан» тақырыбында Марғұлан атамыздың туған күніне орай бірыңғай тәрбие сағаттары болып өтті. Тәрбие сағаттың мақсаты білім алушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Тәрбие сағатында мектеп оқушылары Әлкей Марғұланның өмірі мен еңбек жолы жайлы, зерттеген ғылыми еңбектері мен арнаған арнауларымен ой бөлісті. Оқушылар академиктің жүріп өткен өнегелі де тағылымға толы өмір жолына, елі үшін жасаған ерен еңбектеріне шолу жасады. Әлкей Марғұлан ғалым ғана емес, этнография, шығыстану, тарих, әдебиеттану, өнер саласында аянбай еңбек еткен тұлға. Ә.Марғұланның ұлттық ғылымның дамуына сіңірген еңбегін 1964-1967 жылдары Қазақ КСР ғылым академиясын басқарған ғалым, Қаныш Сәтпаевтың ізбасарларының бірі Шафик Чокин өз кітабында жан-жақты баяндаған: «... Оның халықтың рухани мұрасын жаңғырту үшін жасағаны ғылымның шектеуінен шығып, адамзатқа маңызды дүниеге айналады». Елеулі еңбегі мен елінің қамын жер ұлтжандылығы өскелең ұрпаққа үнемі үлгі болары анық.

Директорға сұрақ қою