Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

ДАЛАНЫҢ ДАРА ДАНЫШПАНЫ✅

1684218726468861.jpg

🔶 Биыл – есімі мен ісі аңызға айналған, жиырмасыншы ғасырда қазақ халқының интеллектуалды әлеуетін әлемге танытуға баға жетпес олжа салған тұлға Әлкей Хақанұлы Марғұланның 119 жылдығы. 11 мамыр – Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейі үшін ерекше күн. Ғалымның туған күніне орай «Даланың дара данышпаны – Әлкей Марғұлан» атты дәстүрлі әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. Ғұлама ғалымның өлең жазатынын екінің бірі біле бермейді. Ол терең тебіреніске толы қуанышты сәттерін, сезімді қозғар жағдайларды өлеңмен хатқа түсіруді ұнатқан. Кеште оқушылар сол өлеңдері мен нақыл сөздерін ерекше әсермен мәнерлеп оқыды. Әлкей Марғұланның тұлғалық табиғаты, тағдыры, тағылым боларлық мұралары жайлы көз көрген әріптестерінің, ақын-жазушылардың пікірлері айтылды. Оқушы қыздар Дәнел Әлкейқызының әкесі туралы сырға толы естеліктерін терең тебіреніспен жеткізді. Бар ғұмырын ғылыммен ұштастырған ғұламаға арналған жырлар да оқылды. Ғибратты ғұмыр иесі көзі тірісінде халық әндерін зерттеп қана қоймай, өзі де шырқаған. Сондықтан іс-шарада оқушылар мен ұстаздар сол халық әндерін нақышына келтіріп орындады. Марғұлан музейіндегі құнды заттардың жинақталуына атсалысқан ардагер ұстаз Мағрифа Тасыбайқызы кешке арнайы келіп, оқушыларға тұлға тағылымы туралы айтты.
🎤Әдеби-сазды кеш мектептің әнұраны «Марғұлан маршымен» аяқталды.

Директорға сұрақ қою