Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

РУХАНИ КЕЗДЕСУ

1714818808193281.jpg

РУХАНИ КЕЗДЕСУ
2024 жылдың 24 сәуір күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, Мәжілістің Әлеуметтік - мәдени даму комитетінің Хатшысы. «Болашақ» бағдарламасының түлегі Нұргүл Таумен кездесу болып өтті. Кездесуге 10-11 сынып оқушылары қатысты. Кездесу «рухани құндылықтар» тақырыбында өткізілді.
Кездесу барысында Нұргүл ханым өзінің өмір жолы мен шетелде тәмамдаған оқуы жайлы оқушыларға баяндап берді.
Электронды темекілер сырт пішінімен, хош иістермен балалар мен жастарды еліктіріп жатыр. ДДСҰ-ның Қазақстанда жүргізген зерттеуінің қорытындысына сәйкес, 11-15 жас аралығындағы жасөспірімдердің электронды темекіні тұтынуы 4 жыл ішінде 3 есеге өскен. Ұлдардың 15%-ы және қыздардың 6%-ы электронды темекіні бір рет болсын қолданған. Сондай-ақ елімізде темекі кесірінен жыл сайын 18 мыңға жуық адам көз жұмады. Себебі темекі адам өміріне қауіпті ауруларды қоздырады, - деді Нұргүл Тау. Осыған байланысты елімізде вейпке тыйым салатын заңға қол қойылды.
Осыған орай, кездесуді ұйымдастыруға көмек бергені үшін мектебіміздің ата-анасына алғыс айтамыз!




Директорға сұрақ қою