№1 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС
Бүгін 2022 жылдың 29 тамыз күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде 2022-2023 оқу жылының №1 педагогикалық кеңесі болып өтті. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Пед.кеңесте мектеп директоры Базыл Жанкелді Сағынтайұлы "Білімді ұлт – терең білім! Еңбекқорлық және Отаншылдық қасиет" атты тамыз кеңесінің тақырыбын ұжыммен талқылып өтті. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойына директордың орынбасарлары 2022-2023 оқу жылына арналған мектептің жылдық жұмыс жоспарымен таныстырып өтті. Өз сөздерінде мектеп директорының орынбасарлары 2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды, мұғалімдердің аттестация ережесі туралы, электронды күнделік пен формативті бағалау және НОБД бойынша ақпараттармен толық таныстырып өтті. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша директордың тәрбие орынбасары Қайрат Атчибаев "Тіл туралы" заңының орындалуы туралы есеп беріп өтті. Күн тәртібінде қаралған тағы бір мәселердің бірі қауіпсіздік ережесі мен сыбайлас жемқорлықты алдын-алуға бағытталды. Жиын соңында мектеп директоры Базыл Жанкелді Сағынтайұлы педагогикалық кеңестің қаулысымен таныстырды. Сондай-ақ педагогикалық кеңесте 2021-2022оқу жылының қорытындысы бойынша жаз айында жетістікке жеткен ұстаздар қауымы мақтау қағаздарымен марапатталды.





