Skip to content

1 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ «ЖАС ҚЫРАН» ОҚУШЫЛАР ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАНДЫ Бүгін 2021…

1 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ «ЖАС ҚЫРАН» ОҚУШЫЛАР ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАНДЫ

Бүгін 2021 жылдың 15 желтоқсан күні тұғырлы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің 1-сыныптарды «Жас қыран» оқушылар ұйымына салтанатты түрде қабылданды. 240 бүлдіршін Әлкей ғалымның бейнесі салынған арнайы төсбелгіні тағып, ұйымға қабылданды. 1 «А» сыныбы – Мұқағали Мақатаев, 1 «Ә» сыныбы – Ыбырай Алтынсарин, 1 «Б» сыныбы – Қадір Мырзалиев, 1 «В» сыныбы – Сапарғали Бегалин, 1 «Г» сыныбы – Қажымұқан Мұңайтпасов, 1 «Д» сыныбы – Ахмет Байтұрсынов, 1 «Е» сыныбы – Мұзафар Әлімбаев, 1 «Ж» сыныбы Роза Бағланова, 1 «З» сыныбы – Дина Нұрпейсова сынды халық даналарының есімдерін топ атауы етіп алып, топбасшылары жиынға әзірліктерін баяндады. Мемлекеттік әнұран орындалған соң, «Біз, Әлкей Марғұлан атындағы «Жас Қыран» оқушылар ұйымының мүшелігіне салтанатты түрде ене отырып, өз жерімізді, елімізді, халқымызды қорғауға, мәдениетін, ана тілін қастерлеуге, жақсы оқуға ант етеміз» – деп ант берді. Төс белгі тағу мәртебесі мектеп директоры Базыл Жанкелді Сағынтайұлына, директордың оқу – тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Тлеулесова Жұмагүл Балташқызына, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары Найманбаева Жұлдыз Балғабайқызы мен Атчибаев Қайрат Сиражиденұлына бұйырды. Салтанатты жиында мектеп директоры Базыл Жанкелді Сағынтайұлы балдырғандарды шын жүректен құттықтап, оқуда ақ жол тіледі.
Салтанатты жиын бүлдіршіндердің орындауындағы «Әлкей Марғұлан маршымен» жабылды.
Иә, бұл 1 сынып оқушылары үшін «Отан», «ел», «жер» деген ұғымдарды түсінудің алғашқы баспалдақтарының бірі еді. Бұл күн олардың жадында мәңгі жатталары сөзсіз.
Марғұланмен шыңдарға біз өрлейміз,
Қуат алып асылдан біз сөнбейміз,
Ұрпағы асыл атамыз Әлкейдің
Ісін жалғап намысты біз бермейміз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *