1-сыныптар апталығы аясында 1 сынып білім алушыларына «Кітап – тілсіз мұғалім» атты кітапханаға саяхат ұйымдастырылды.
Кітапханашы оқушыларға кітапхана және кітапхананың ережелері туралы, кітаптардың қалай орналасқаны, кітапханаға қалай жазылу керектігі, кітап қоры туралы толық мағлұматтар берді. Сондай-ақ іс-шара барысында оқушылардың назарына ертегі кітаптар, қазақ, орыс, шетел шығармалары, балаларға арналған энциклопедиялар, тағы да басқа көркем суреттелген иллюстрациялы кітаптар ұсынылды. Кішкентай оқырмандарымыз қызығушылық танытып, кітап туралы өз ойларын айтып берді. Шара соңында кітапханашы оқушыларды кітап сүю, кітаппен дос болуға шақырды.
#кітапхана#саяхат#оқырман#балалар