Skip to content

10 ТАМЫЗ – АБАЙ КҮНІ Абай-дана, Абай-дара қазақта! Ақын, ағартушы,…

10 ТАМЫЗ – АБАЙ КҮНІ

Абай-дана, Абай-дара қазақта! Ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер.

🔶Бүгін Қазақстанда қазақтың ұлы ағартушысы, ұстаз, бас ақын, қоғам қайраткері – Абай Құнанбайұлының дүние есігін ашқанына 177 жыл толып отыр.

🔶Бұл мереке 2020 жылы аталып өтілетін Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының қарсаңында бекітілген болатын.

🔶Қазақ классикалық жазба әдебиетінің негізін қалаған Абай атамыздың 170-ке жуық өлеңдері, 56 аударма, сондай-ақ «Қара сөздер» мен поэмалары жарық көрді.

🔶Композитор ретінде Абай бүгінде танымал болып келе жатқан жиырмаға жуық әуенді, соның ішінде «Көзімнің қарасы» әнін шығарған.

🔶Оның шын есімі Ибраһим, бірақ әжесі Зере еркелетіп Абай деп кеткеннен кейін лақап аты оған өмір бойы таңылып қалды.

🔶Осы атаулы датаға орай, Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицей оқушылары Абай Құнанбайұлының өлеңдерін оқыды.

#абай177жыл#оқуғақұштармектеп#оқуғақұштармектепжазғыдемалыста#10тамызабайкүні

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *