Skip to content

10 ТАМЫЗ – АБАЙ КҮНІ Ұлы ағартушы, ақын, қоғам қайраткері…

10 ТАМЫЗ – АБАЙ КҮНІ

Ұлы ағартушы, ақын, қоғам қайраткері Абай Құнанбайұлы 1845 жылы 10 тамызда дүниеге келді. Қазақ классикалық әдебиетінің негізін салушы 170-ке жуық өлең, 56 аударма және 45 қара сөз жазды.

Жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақ интеллигенциясына Абайдың ықпалы зор болды. Алаш-Орда қозғалысының жетекшілері оны қазақ елінің жаңғыруының рухани көсемі ретінде қабылдаса, Абайдың өмірі мен шығармашылық мұрасын орыс оқырмандарына тұңғыш таныс¬тырған Әлихан Бөкейхан еді.

Абай есімі – ұлт санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының, қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы.

Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейі оқушылары Абай Құнанбайұлының туған күніне орай мәнерлеп оқыған өлеңдерін назарларыңызға ұсынамыз.
#abaykunanbayuly#bilimastana

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *