13 НАУРЫЗ «ОЮЛАРЫ ОЙ САЛАР»
2023 жылдың 13 наурыз күні Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі аясында Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде «Оюлары ой салар» атты оқушылардың қазақтың ұлттық стильдегі киімдерін, өзгелерге үлгі-өнеге көрсету ретінде насихатталды. Олардың үстеріндегі оюмен оқаланған камзол, тақия, күрте сондай жарасымды көрініп, көз сүйсіндіреді. Ұлттық киім – тарихтың көзі. Жыл санап жұрт ішінде оларға деген сұраныс артқанымен, белгілі бір мейрамдарда ғана тұтынатыны сәл қынжылтады. Мектебіміздегі шәкірттер мен ұстаздар қауымына ұлттық нақыштағы киімдер ерекше әдімілік сыйлай түсті.