Skip to content

14 НАУРЫЗ КӨКТЕМНІҢ ШУАҒЫ 2022 жылдың 14 наурыз күні Әлкей…

14 НАУРЫЗ КӨКТЕМНІҢ ШУАҒЫ

2022 жылдың 14 наурыз күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде Көрісу мерекесіне орай «Қолөнер – ұлт құндылығы» этнографиялық қолөнер көрмесі өтіп, Көрісу дәстүрін жаңғырту ретінде «Мерейлі Әз-Наурыз» тақырыбында оқушылар арасында тәрбие сағаттары өткізілді. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Үлкендер кішілерге ақ батасын береді, жақсы тілек тілеседі. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман – есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Бұл күні бүкіл жұрт көтеріңкі көңіл күйде болады. Көрмеге қатысушылар қыздарға арналған ұлттық киімдердің тарихы, ұлттық әшекейлермен танысты. Сондай-ақ наурызға арналған макеттер ұсынылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *