Skip to content

16 НАУРЫЗ “ТАҒЗЫМ КҮНІ” 2022 жылдың 16 наурыз күні Әлкей…

16 НАУРЫЗ "ТАҒЗЫМ КҮНІ"

2022 жылдың 16 наурыз күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейі «Тағзым» күніне орай Е.Рахмадиев атындағы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясы «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі «Ұлт аспаптар әлеміне саяхат» атты қазақтың дәстүрлі аспаптарын ән-күймен тербеп мерекелік кеш өткізді. Өскелең ұрпақты ұлт қайнарынан нәр алып, отаншылдыққа баулу мақсатында қазақтың дәстүрлі аспаптарын ұлттық ән-күйінен сыр шертіп аспаптардың түрлерімен жекелей таныстырып өтті. Олардың ішіне шертер, ортеке, жетіген, сырнай, саз сырнай, сыбызғы, қобыз, нар қобыз сынды аспап түрлерін көрсетіп ойнатты. Сондай-ақ іс шара барысында фольклор жетекшісі ҚР Мәдениет саласының үздігі Жахин Тоғжан Серікұлы оқушыларға ұлттық аспап түрлері жайлы мәлімет айтып, сұрақтар қойылды. Оқушылар дәстүрлі аспаптарда ойнап көрді. Сонымен қатар, наурыз мейрамының тарихы мен құндылығын талқылауға арналған 10 сыныптар арасында наурыз мейрамы «Тарихқа тағзым: жаңару мен жаңғыру» атты дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстел мақсаты халықтың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін оқушыларға таныстыру. Кіріспе сөзін тарих пәнінің мұғалімі Сабанбай Дина Мұхаметбайқызы оқушыларға наурыз мейрамының тарихы мен салт- дәстүрлеріміздің тарихын толық таныстырып өтті. Мерекенің ұлтымыз үшін тәрбиелік мәні зор екенін, туыстар арасындағы сыйластықты дамыту барысында жақсы таныстыра алды. Дөңгелек үстелді қорытындылау барысында оқушыларға Қыдыр атаның батасы берілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *