Skip to content

16 НАУРЫЗ ТАҒЗЫМ КҮНІ 2023 жылдың 16 наурыз күні жоспарға…

16 НАУРЫЗ ТАҒЗЫМ КҮНІ

2023 жылдың 16 наурыз күні жоспарға сәйкес 10 сынып оқушылары арасында тағзым күніне орай "Тарихқа тағзым: Жаңа Қазақстанның жаңғыруы" тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелге қатысушы оқушылар наурыз мейрамының тарихы мен құндылығын талқылап, халықтың салт – дәстүріне, әдет – ғұрпына кеңінен тоқталып, өз ой пікірлерін білдірді. Дөңгелек үстел барысында Жанғожин Медеттің орындауында күй тартылып, Едігеева Саиданың орындауында «Наурыз әні» шырқалды. Қазақ халқының ежелгі өте кең тараған ұлттық ойын түрлерінің бірі асық ойынын ойнап, тарихқа тағзым жасады. Аталған іс-шараны ұйымдастырып өткізген тарих бірлестігі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *