17 НАУРЫЗ «БЕРЕКЕ КҮНІ»
2023 жылдың 17 наурыз күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде Береке күніне орай «Берекелі-мерекелі Наурыз той» атты мерекелік іс-шара болып өтті. Шара «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсетіп, оны құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Мерекелік кеш шымылдығы қазақ биімен ашылып, Құрманғазы атамыздың «Балбырауын» күйін тартумен жалғасын тапты. Кеште мектеп оқушылары «Наурыз айы», «Үш бақытым», «Туған ел» әндері шырқалып, домбырашылар ансамблі тарапынан Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйі орындалды. Мерекелік кеш соңы Бөрібай Зеренің жетіген аспабымен орындауында «Дала сазы» күйімен жалғасып, мектебіміздің өнерлі оқушыларының бірі Әкбар Русланның орындауындағы «Наурыз – Думан» әсем әнімен қорытындыланды.
БЕРЕКЕЛІ, МЕРЕКЕЛІ КҮНДЕРІМІЗ КӨП БОЛСЫН!