18 НАУРЫЗ «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КҮНІ»
Бүгін 2022 жылдың 18 наурыз күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде қайырымдылық күніне орай әлеуметтік педагог Жамиля Қалдыбайқызының ұйымдастыруымен әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыларға көмек ретінде «Қайырымдылық» акциясы болып өтті. Акция барысында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға азық-түлік, тұрмыстық бұйымдар әкеліп тапсырылды. Барлығы 64 отбасыға көмек көрсетілді. Аз қамтылған отбасыларға көмек ретінде әр сынып оқушылары бірнеше дорба азық-түлік, керек жарақты заттармен көмек берді. Қайырымдылыққа барша қауым болып атсалысып, көмек қолын созған барша ата-аналар мен оқушыларға ризашылығымызды білдіреміз. Қайырымдылықтың маңызы өте зор, сенің кім екенің немесе қайда оқитының маңызды емес, кім болсаң да көмектесе аласың. Кең болсаң, кем болмайсын деген ниетпен қайырымдылық акциясы жоғары деңгейде өтті.
Сондай-ақ мектебімізде оқушылар арасында "Наурыз Stars-2022" жарысы өтті. Жарыс мақсаты оқушылардың ғылыми-техникалық, инженерлік қабілеттерін арттыру, зиянды заттар мен жағымсыз әсерлерден арылу, уақытты тиімді пайдалану. Жарысқа 3-10 сынып оқушылары қатысып, бақ сынасты. Жарысқа қатысушы оқушылар "Сызық бойымен жарыс" роботтар жарысына оператор берілген траектория бойынша старттан мәреге дейін жүре алатын автономды роботты дайындады. Жарыс нәтижесі бойынша әр категориядағы оқушыларға жүлделі І,ІІ,ІІІ орын дипломдарымен марапатталды.
Сонымен қатар, мектебіміздің Жасұлан ұйымы атынан "Наурыз-думан!" мерекелік бейнеролигі ұсынылды