Skip to content

2019 жылдың 16 қазан күні Елбасымыздың болашаққа бағдар рухани жаңғыру…

2019 жылдың 16 қазан күні Елбасымыздың болашаққа бағдар рухани жаңғыру бағдарламасы аясында мектебіміздің жас эколог үйірме оқушылары арасында "Алтын сақа" асық ату ойыны өткізілді. Аталған шараға мектебіміздің жас эколог үйірмесі оқушылары қатысып бақтарын сынады. Оқушыларға жарыс алдында асық ойнау ережесі мен асықтың атаулары туралы түсінік берілді. Аталған сайыс нәтежиесі бойынша үш кезеңнен жоғары ұпай жинаған Қайыркенов Нариман І орынды иеленсе, ІІ орын Манас Мөлдірге, ал ІІІ орынды Талғатбек Ерсайын мен Каиргалиева Аружан өзара бөлісіп сайыс жеңімпаздары деп танылды. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды. Алдағы уақытта ұлттық ойынымыздың деңгейін көтеріп, жас ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында мектепшілік сайыс түрінде өткізу жоспарға қойылған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *