2022 жылдың 17 қараша күні мектебіміздің "Экопатруль" тобы 5,6,7 сыныптарының топ басшыларымен кездесу өткізді. Аталған кездесуде оқушыларға алдағы күндері болатын экологиялық акциялар, шаралар туралы ақпараттар берілді. Сондай-ақ Таза мектеп акциясы аясында макулатура жинау байқауының бастау алғанын хабарлады.Топ мүшесі Н.Нұрәлі оқушыларға керексіз қағаз қалдықтарын шашып тастамай,оған екінші өмір сыйлап сұрыптауға жіберсек біріншіден табиғатты қорғауға үлес қосамыз және қағаз жасау үшін кесілетін бір ағаш болса да сақтап қаламыз деп айтып өтті. Экологиялық топ оқушылары макулатура ең көп жинаған жеңімпаз сыныпты марапаттап мектеп мәжіліс залында қызықты фильм көрсететіндерін айтып сыныптарды белсенділікпен қатысуға шақырды.