Skip to content

2022 жылдың 24 мамыр күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40…

2022 жылдың 24 мамыр күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде еліміздегі 5 маусымда өткізілетін республикалық референдум бойынша мектеп ұстаздарымен ақпараттық түсіндірме жұмысы жүргізілді. «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңының жобасындағы өзгерістер туралы айтылып,барша ұстаздарды белсенділікпен қатысудың ел болашағы үшін маңыздылығы баяндалды.Сондай-ақ сайлаушы өзінің учаскесін қалай анықтайды?Қайда барып дауыс береді деген сұрақтарға жауаптар беріліп арнайы QR код арқылы оңай тәсілдері түсіндірілді. Мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Д.Сабанбай мектеп ұстаздарына алдағы референдумның маңыздылығы жөнінде айтып жаңа Қазақстан жасауда әр-бір адамның ойы маңызды екенін айтып мектеп ұстаздарын маңызды күнге белсенділікпен қатысуға шақырды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *