2022 жылдың 27 қаңтар күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінің қабырғасында санитарлық талаптарды сақтай отырып, Республикалық "Ұшқыр ой алаңы" қалалық дебат турниріне іріктеу мақсатында "Ақ Сұңқар" дебат клубының ұйымдастыруымен мектепшілік дебат турнирі болып өтті. Турнир АПФ форматында өткізілді. Тақырыбы: "Әлеуметтік желі баланың ойлау қабілетіне кері әсері бар деп есептейді". Турнирге қатысушылар жоғары деңгейде өнер көрсетті.
