2024 жылдың 05 маусым күні мектебімізде «Балдәурен» жазғы мектеп жанындағы лагерьінің оқушылары кезекті үшінші күнді таңғы жаттығудан бастап, түрлі ойындар ойнады. Оқушылар үшін қызықты бағдарламалар қарастырылған. Маусымның аптап ыстығында балалар тәрбиешілерімен бассейнге де барды. Жазғы каникул балалардың жылдық бос уақытының айтарлықтай бөлігін алады. Ол мектептегі сабақтан гөрі баланың еркіндікке, өзі үшін қызықты істерді жасау және өз мүдделерінің еркін дамуы үшін қажеттіліктерін жүзеге асыратын кезең.
#3junezhazgydemalys
#zhazgydemalys2024
#бірыңғайтәрбие