2024 жылдың 21 қыркүйек күні шығармашыл оқушылар арасында Республикалық «Ақберен» өнер байқауының қалалық кезеңі өткізілді. «Шешендік, білгірлік сайысы» номинациясы бойынша мектебіміздің 8 «Ә» сынып оқушысы Мұхаметәлі Қалжан жүлделі 1-орынды иеленді. (пән мұғалімі: Кайыпканова А.К) Қазылар алқасы тарапынан берілген тақырыпқа ой толғап, шешендік сөздердің тарихын, би-шешендердің мұрасын жетік біліп, алғырлық таныта білді. Көркемсөз оқу номинациясы бойынша 11 «Ә» сынып оқушысы Абиртилла Азамат қатысып, грамота иеленді. (пән мұғалімі: Әлімбай Ә.Е.) Абайдың 31-қарасөзін, «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», Ахмет Байтұрсынұлының «Анама хат» өлеңдерін нақышына келтіріп, мәнерлеп оқыды. Ұлттық аспапта ойнау номинациясы бойынша 10 «А» сынып оқушысы Бөрібай Зере қатысып, грамота иеленді. (пән мұғалімі: Уркумбаева М.Х). Жетіген аспабында халық әнін орындап, өнері мен орындау шеберлігін көрсете білді. Жеңімпаз оқушыларды дайындаған ұстаздарға шығармашылық табыс тілейміз!
