Бос жұмыс орындар:
1. Педагог-ассистент -1
Мекен-жайы:
Астана қаласы
Сарыарқа ауданы
Көктал тұрғын алабы
Д.Бабатайұлы көшесі, 26
т/факс (7172) 501-669
Құжаттарды қабылдау: НОБД модулі бойынша 2025 жылдың 10-19 қыркүйек қыркүйек аралығында;
Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні 19.09.2025 жыл
Конкурстың өтетін күні: 24.09.2025 жыл, сағат 15:00
- Педагог-ассистент бос лауазымына- 1 бірлік
Жүктеме: 1 ставка
Орташа еңбек ақы: 120 000-124 000 тг (ҚР БЖҒМ 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығындағы талаптарға және жүктемеге сәйкес)
Оқыту тілі– қазақ тілі.
Лауазымдық міндеттері:
- Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымы бойынша ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;
- ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау мақсатында мамандар мен педагогтардың баланы тексеруіне, сондай-ақ жеке білім беру және дамыту бағдарламаларын құрастыруға қатысады;
- білім беру ұйымдарында ұйымдастырылған оқу және өзге де қызмет кезінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға, олардың өзіндік қызметі денсаулық жағдайы мен мінез-құлық ерекшеліктеріне байланысты шектелген жағдайда, көмек көрсетеді, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді;
- оқыту, тәрбиелеу және дамыту жұмыстары процесінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар бала туралы деректерді бақылауды жүзеге асырады және жинақтайды, білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелерін, білім беру, әлеуметтік-бейімдеу (мінез-құлық) дағдыларын қалыптастыру серпінін хаттамалауды жүргізеді және баланы оқыту және әлеуметтендіру процесін мониторингтеу үшін тәрбиешілер мен мамандарға ақпарат береді;
- ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздік шарттарын сақтайды;
- белгіленген нысан бойынша есептік құжаттаманы жүргізеді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік көшірмесі);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері (диплом+ қосымшасы);
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек кітапшасының көшірмесі);
6) 075/у анықтамасы;
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты НКТ (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік және бұйрығы болған жағдайда; (санаты болмаған жағдайда НКТ тест тапсырып, педагог-тағылымдамашы санатын алып келу керек);
10) Жеке кәсіби жетістектері (алғыс хат, мадақтама, диплом, жарияланымдар, авторлық жұмыс және сертификаттар, оқушылардың жетістіктері);
11) Мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының түлегі. «Дипломмен ауылға!», «Серпін» мемлекеттік бағдарламаларының қатысушысы, Жұмыспен қамту орталығы жастар тәжірибесі бойынша жіберілген педагог;
12) Алдынғы жұмыс орнынан ұсыныс хат;
13) Бағалау парағы.
Педагогтерді жұмысқа қабылдау» модуліне сілтеме:
http://hr-nobd.iac.kz (осы сілтеме бойыша барлық құжаттарды тізім бойынша жүктеу керек)