Skip to content

2025 жылдың 8 мамыр күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40…

2025 жылдың 8 мамыр күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде халқымыздың тарихын, мәдени шежіресін жалықпай зерттеп, том- том бағалы кітаптар жарияланып, білім қорының молаюына ықпал жасап, кемеңгерлердің ең көрнектілерінің бірі – АКАДЕМИК ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАНның туған күніне орай «ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАН МҰРАГЕРЛЕРІ» атты салтанатты жиын болып өтті. Салтанатты жиын ҚР Мемлекеттік гимнімен басталып, еске алу рәсімінің бір минуттық үнсіздігімен жалғасты. Жиында мектеп бітіруші түлектеріміз ғалымның өмірбаянын, ғылымда өшпес өнегелі із қалдырған дана ойшылдар, білімпаз қайраткерлердің Әлкей Хақанұлы Марғұлан туралы айтқан пікірлерін, өлеңдерін жатқа оқып, Әлкей Марғұлан есімін иеленіп отырған білім ошағы оқушыларының жадында ғалымға деген құрмет мәңгі ұмытылмайтындарын сөзге тиек етті. Жиын кемеңгер тұлға Әлкей Марғұланның ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімімен жалғасты. Кемеңгер тұлға Әлкей Марғұланның ескерткішіне гүл шоғын қою мәртебесі мектебіміздің Үздік оқушысы, алтын белгі иегері, «Алтын түлек» математикалық олимпиада, жалпы қалалық пәндік олимпиада жеңімпазы Егізбай Ұлан мен қалалық ғылыми жоба байқауының жеңімпазы Шаяхмет Аружанға берілді. Мектеп директоры Уйсимбаева Сауле Амангелдіқызы ұстаздарды, оқушыларды құттықтап, ғалым мұрасын насихаттау әрбір мектеп оқушысының парызы деді. Кеш соңы Ербол Ісләмұлының сөзіне, Жұмағазы Кәкімжановтың әніне жазылған мектебіміздің гимні «Марғұлан маршымен» аяқталды.
#білімбасқармасы
#біртұтас_тәрбие
#bilimastana
@bilimastana
@astana_adistemelik_ortalyq
@oqu_agartu_ministrligi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *