Skip to content

2025 жылдың 8 мамыр күні Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай…

2025 жылдың 8 мамыр күні Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай «Ел мен ердің жемісі» атты кеш болып өтті. Кеште мектеп оқушылары ұрпағына бейбіт те азат күн сыйлаған батырлардың рухына тағзым етіп, бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Кеште мектебіміздің хор ұжымы «Ақ көгершін» әнін, Азатқали Мансұр «Ана туралы баллада» әнін, Абишева Айша «Домбыра болып сөйледім» әнін шырқаса, мектебіміздің 7-9 сынып оқушылары әдеби композиция ұсынды. Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін деген мектебіміздің ұландары «Бейбітшілік» әнін орындады.
#білімбасқармасы
#біртұтас_тәрбие
#bilimastana
@bilimastana
@astana_adistemelik_ortalyq
@oqu_agartu_ministrligi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *