Мақсаты: Жаңа келген педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға, әдістемелік тұрғыдан қолдау және ұжымға бейімделуіне жағдай жасау.
2025-2026 оқу жылының бірінші тоқсанында 17 педагог жұмысқа қабылданса, оның ішінде 2 мұғалім педагогикалық мамандықты жаңадан бастаған жас мамандар. Директордың бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары Мусақызы Маржангүл ұстаздарды мектеп-лицей тарихымен қысқаша таныстырды. Педагог қызметін атқаруда нормативтік-құқықтық құжаттарды білу және соларға сүйену – әр ұстаздың кәсіби міндеті екеніне тоқталып, басты құжаттармен таныстырып өтті.
Мектеп психологы Шәкей Сайрангүл жаңа келген педагогтер мен жас мамандардың ұжымға тез арада бейімделуіне, өзара түсіністік пен сенімді қарым-қатынас орнатуына, кәсіби ортаға сіңісуіне психологиялық қолдау көрсету үшін «Жақынырақ танысайық!» танысу тренингі, «Бір ұжым – бір мақсат» командалық жаттығу жұмыстарын ұйымдастыруы – мұғалімдердің өзара танысуына, ұжыммен тез тіл табысуына және кәсіби ортаға сенімді қадам басуына қолдау болды.
Бастауыш сынып мұғалімі, ӘБ жетекшісі Жұбанова Ғалия Сайлауқызы оқушыларды бағалау түрлері мен ерекшеліктері туралы өз іс – тәжірибесін көрсетті.
Іс шара соңында мұғалімдер жақын танысып, өз ойларын білдіріп, ұжымда өз кәсіби дағдыларын жетілдіруге бағыт алады.






