Skip to content

🇰🇿5-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ “ЖАС ҰЛАН” ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАНДЫ🇰🇿 ⠀ ✍️2019 жылдың 25…

🇰🇿5-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ "ЖАС ҰЛАН" ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАНДЫ🇰🇿

✍️2019 жылдың 25 қазан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде дәстүрлі бүкілмектептік «Жас Ұлан» оқушылар ұйымының қабылдауына арналған салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиында

✅5 «А» сыныбы – Сәкен Сейфуллин атындағы топ;
✅5 «Ә» сыныбы – Фариза Оңғарсынова атындағы топ;
✅5 «Б» сыныбы – Әбіш Кекілбайұлы атындағы топ;
✅5 «В» сыныбы – Жүсіпбек Аймаутов атындағы топ;
✅5 «Г» сыныбы – Қаныш Сәтбаев атындағы топ;
✅5 «Д» сыныбы – Абай Құнанбайұлы атындағы топ;
✅5 "Е" сыныбы – Мұхтар Әуезов атындағы топ;
✅5 "Ж" сыныбы – Әлкей Марғұлан атындағы топ;
✅5 "З" сыныбы – Әлия Молдағұлова атындағы топ оқушылары өз дайындықтары туралы мәлімет беріп, ант қабылдады.

✍️Салтанатты жиында галстук тағу мәртебесі мектеп директоры Базыл Жанкелді Сағынтайұлына, директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары Тлеулесова Жұмагүл Балташқызына, директордың ақпараттық технологиялар орынбасары Ақерке Қалдыбекқызына, мектебіміздің мұражай жетекшісі Сәуле Жұмабекқызына және «Жасұлан» оқушылар ұйымы11-сынып оқушыларына берілді.

🇰🇿Құттықтап сөз алған мектеп директоры оқушыларға көк туымызбен түстес галстуктерін қадірлеп ұстауға, үлгілі оқушы болып мектеп абыройын асқақтатар азамат болуға шақырып жылы лебізін білдірді.

🗣Жиын Әлкей Марғұлан маршылымен аяқталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *