5-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН ЖИНАЛЫС
2025 жылдың 11 қыркүйек күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің 5-сынып оқушыларымен жиналыс болып өтті. Жиналыста оқушыларға мектеп ережесі таныстырып, буллингті алдын – алу шаралары, әлеуметтік желі, мектеп мүлкінің сақталуы, мектеп формасын сақтау, дәліздегі қауіпсіздік сынды маңызды мәселелер баяндалды. Мектеп психологі С.Шакей оқушылар арасындағы жиі орын алатын буллингтің түрлерімен таныстырып, сақ болуға шақырды. Сондай-ақ оқушыларға қандай-да бір мәселеге тап болса мектеп дәлізіндегі арнайы кодтар арқылы мектеп әкімшілігіне, психологтарға анонимді түрде жеткізуге болатынын түсіндірілді.