2025 жылдың 11 қыркүйек күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің “ECOpatrol” экологиялық топ оқушылары Эко-хаб қайта сұрыптау, қоқыстарды кәдеге жарату бойынша тың идеяларының Астана қаласындағы ашылу салтанатына қатысты. Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеудің түрлі тәсілдері, пайдаға асыру жолдары, өткізілген акциялар туралы мәлімет алды. Аталған іс-шараға Сарыарқа ауданы әкімдігі, парламент депутаттары қатысып тың бастамаға өз бағаларын беріп, сәттілік тіледі. Болашақ жас экологтарымыз қызықты ақпараттар алып өз ойларын ортаға салды.
