Skip to content

10 қыркүйекте мектебіміздің 5 «Д» сыныбында «Адал азаматты тәрбиелеуде жауапты ата-ана, қолдаушы педагог және қауіпсіз мектеп» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.

Іс-шара Біріңғай тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.
Мақсаты – мектеп пен ата-аналар арасындағы әріптестікті нығайту, педагогтар мен ата-аналар қауымдастығы арасындағы өзара іс-қимылды жандандыру.
Күн тәртібінде:

  1. Мектеп пен ата-аналар комитеттері арасындағы бірлескен жұмыстың басым бағыттары туралы.
  2. Сынып ата-аналар комитетінің жұмысын үйлестіру ерекшеліктері туралы.
  3. Сынып ата-аналар комитетінің төрағасы мен белсенді мүшелерін сайлау.
    Жиналыс барысында балалардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру, адал азаматты тәрбиелеуде отбасының рөлі, сондай-ақ қауіпсіз және қолдау көрсететін оқу ортасын құрудың маңыздылығы талқыланды.
    Ата-аналарға мектеп өміріне белсенді қатысқандары мен қызығушылық танытқандары үшін алғыс айтамыз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *