Skip to content

ОҚУШЫ ҚАУІСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА 2025 жылдың 12 қыркүйек күні Әлкей…

ОҚУШЫ ҚАУІСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

2025 жылдың 12 қыркүйек күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің 6-сынып оқушыларымен құқықтық тәрбие бойынша оның ішінде буллингті алдын алу, психологиялық қолдау көрсету, қауіпсіздікті алдын-алы, жол қауіпсіздігі тақырыптарында танымдық сағаты болып өтті.
Жиын барысында оқушыларға директордың тәрбие орынбасары К. Атчибаев пен Ж.Найманбаева мектеп ережесінің сақталуы, форма, мектеп мүлкіне ұқыпты қарау, жолда жүру ережелерін қатаң сақтау, мектеп бейнекамераларының жұмысы, турникеттен өту тәртібі, сабаққа кешікпеу сынды мәселелерді баяндаса, мектеп психологы С.Шакей
буллингтің зияны, оған жол бермеу жолдары туралы және оқушылар арасында бір-бірін мазақ етуге, кемісітуге жол жоқ екенін сондай-ақ буллинг түрлері туралы мәлімет берді. Психолог оқушыларға өмірде кездесетін түрлі жағдайларда өзін-өзі қалай ұстау керектігін айтып, пайдалы кеңестер берді. Бұл басқосу балалардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, бір-біріне құрметпен қарауға және жауапкершілікті сезінуге ықпал етеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *