АСТАНАДА БІР МЕЗЕТТЕ 3000 ОҚУШЫ
«ҚАМАЖАЙ» БИІН БИЛЕДІ
Бүгін, 2025 жылдың 18 наурызда QAZAQSTAN женіл атлетика кешенінде астаналық 3 мыңнан астам оқушы бір мезетте «Қамажай» халық биін билеп, жаппай орындау бойынша рекорд орнатты.
Флешмоб «Науразнама» онкүндігі аясында өтіп, Ұлттық киім күніне орайластырылды. Аталған іс-шараға Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің оқушылары да өз үлесін қосып, қазақ қызының бойындағы нәзіктік пен әдеміліктің белгісін би арқылы бейнеледі.