ҚАРТТАРЫМ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМ
Қазан айының алғашқы күнінде халқымыз қашан да қадір тұтқан — Қарттар күні аталып өтеді. Бұл күн – өмірін елдің өркендеуіне арнаған, өнегелі жолымен кейінгі ұрпаққа үлгі болған асыл қазынамыз – ардақты қарияларымызды құрметтеу күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің оқушылары Көктал шағын ауданының ата-әжелерін мерекемен құттықтады. Аталған іс-шараға маслихат депутаты Смаилов Бауыржан Амангелдіұлы қатысты.
