Skip to content

«Өз жолыңды тап: 10-сыныптан болашаққа қадам» тақырыбында 10 сынып оқушыларымен…

«Өз жолыңды тап: 10-сыныптан болашаққа қадам» тақырыбында 10 сынып оқушыларымен тренингтер өтті

2025 жылдың 7 қазан күні мектебімізде 10-сынып оқушыларына арналған «Өз жолыңды тап: 10-сыныптан болашаққа қадам» атты кәсіби бағдар беру тақырыбында тренингтер өтті. Тренингтің мақсаты – оқушылардың өз қызығушылықтары мен қабілеттерін ескере отырып, болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт беру.
Тренинг сұхбат форматында ұйымдастырылды. Оқушылар жұптасып, бір-біріне сұрақтар қойып, болашақта қандай маман иесі болғысы келетіндерін, не себепті дәл сол мамандықты таңдағандарын айтып бөлісті. Бұл әдіс оқушылардың өз ойларын ашық айтуға, пікір алмасуға және бір-бірін тыңдауға мүмкіндік берді.
Сұхбаттан кейін әр оқушы өз армандаған мамандығы туралы ой бөлісіп, түрлі кәсіби салаларға деген қызығушылықтарын білдірді. Тренинг барысында оқушылар өз болашағына тереңірек үңіліп, жеке қасиеттері мен бейімділіктеріне мән беруге үйренді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *