БІРЛІК ПЕН КҮШ – ЖЕҢІСТІҢ КІЛТІ
2025 жылдың 16 қазан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде Республика күні мерекесіне және Досболlike бағдарламасын қолдау мақсатында 8-10 сынып оқушылары арасында қол күресі және арқан тарту жарысы өтті. Жарысқа барлық оқушылар жігерлікпен қатысып қызығушылық танытты. Жарыс қорытындысы бойынша қол күресінен 8-9 сыныптар І орын Досымов Сұлтан, ІІ орын Қанат Бақкелді ІІІ орын Шырынхан Елдос иеленсе, 10 сыныптар бойынша І орын Арыстан Әділжан, ІІ орын Мұрат Мадияр ІІІ орынды Қасымбек Нұржан иеленді. Арқан тарту бойынша І орынды 10”Ә” сыныбы, ІІ орынды 9 “Ж” сыныбы, ІІІ орынды 10 “Б” 9 “Б” сыныптары иеленді. Жігерлі оқушыларымыз көп болсын!