Skip to content

ОҚУ ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ БОЛЫП ӨТТІ 2025 жылдың 20 ақпан күні…

ОҚУ ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ БОЛЫП ӨТТІ

2025 жылдың 20 ақпан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде Сарыарқа ауданы төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлерімен бірлескен Төтенше жағдай орын ала қалған кезде оқушылар мен мұғалімдердің мектеп ғимаратынан эвакуация жасауды қамтамасыз ету мақсатында оқу-жаттығу жиыны болып өтті. Жергілікті уақытпен сағат 11:20 да дабыл беріліп мектеп ұстаздары мен оқушылары 4 минут ішінде таңертеңгілік ауысымда 681 оқушы, 51 қызметкер эвакуацияланды. Шара барасында төтенше оқиға болған жағдайдағы азаматтарға қорғану шарттарын түсіндіру, жарақат алған адамға алғашқы медициналық көмек көрсету жұмыстары жүргізіліп, оқу-жаттығу жиынының картасы таныстырылып, шығу пунктері ескертілді. Жаттығу соңында Сарыарқа ауданы төтенше жағдайлар басқармасының азаматтық қорғау лейтенаты Юсупов Нұрзат Әлімұлы мектеп ұстаздары мен қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігін алдын-алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *