Skip to content

«ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР МЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ» ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР 2025 жылдың…

«ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР МЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ» ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР

2025 жылдың 19 ақпан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Тиімді әдіс-тәсілдер мен ұлттық құндылықтар сабақтастығы» тақырыбында қалалық семинар болып өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтай кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес, мектептерде жүзеге асып жатқан «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясындағы ұлттық құндылықтарымыздың сабақтағы маңызын көрсету арқылы тиімді әдіс-тәсілдер мен тәжірибеге енгізу, бөлісуді мақсат еткен Астана қаласының №40 МЛ, №58 МГ, №68 МГ, №87 МГ мектептері мен Целиноград ауданы Қоянды ауылы №2 ЖОББМ ұстаздары үлгі сабақтарын көрсетіп, шебер сыныптарын өткізіп, көрме әзірледі. Семинарға Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік Орталық» МКҚК әдіскерлері Әзімбай Нұржамал Каримбердиевна, Оразбекова Гульзира Алиакбаровна және Хабат Мәдениет Хабатұлы қатысып, ұстаздардың сабақтарына кері байланыс беріп, әдістемелік қолдау көрсетті. Ұлттық құндылықтарымызды қадірлеп, қастерлеп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу әр ұстаздың міндеті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *