ӘКЕЛЕРМЕН ӨТКЕН КЕЗДЕСУ
2025 жылдың 14 ақпан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің 5-сынып оқушыларының әкелерімен «Әке шаңырағы – теңдесі жоқ өмір мектебі» атты world café форматында жиналыс болып өтті. Шараның басты мақсаты – отбасы құндылығын дәріптеу, әкенің бала тәрбиесіндегі рөлін нәсихаттау және ұрпақтар сабақтастығын нығайту болды. Әке мен бала арасындағы қарым-қатынас, әкенің өнегесі мен оның бала болашағына әсері жайлы танымдық сұхбатқа қатысып, сұрақ- жауап сессиялары мен қызықты ойындарға белсене қатысқан әкелер өздерінің балалық шағын еске алып, әке туралы ән шырқап, білетін өлеңдерін жатқа оқыды. Аталған іс – шара әкелердің отбасындағы орнын тағы бір мәрте айқындап, олардың балаларына өмірлік үлгі болу маңыздылығын көрсетті.