Skip to content

АТА-АНАЛАРҒА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ АЯСЫНДА ӨТКЕН ЖИНАЛЫС 2025…

АТА-АНАЛАРҒА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ АЯСЫНДА ӨТКЕН ЖИНАЛЫС

2025 жылдың 14 ақпан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде ата- аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспары аясында 3-сыныптың қыз балалары мен ата-аналары арасында Workshop форматында «Қыз қылығымен көрікті»атты жиналыс болып өтті. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі – жас ұрпаққа адамгершілік рухани тәрбие беру бағытталған жиналыста ата-аналармен түрлі ситуациялық сұрақтар беріліп, жауаптары тыңдалды. Осы орайда қыз баланы ерекше құрметтеп, оның тәрбиесіне айрықша мән беріп, «Қызға қырық үйден тыю» деген ұғымды қалыптастырайық деген ата-аналарымыз қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік пен көріктілік, ептілік пен инабаттылық, кішіпейілділік пен сыйластық сынды пікірлерін ортаға салып, оқушыларға өздерінің ақылдарын айтып өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *