«МҰҚАҒАЛИ – МӘҢГІЛІК ҒҰМЫР» АТТЫ ӘДЕБИ КЕШ
Бүгін, 2025 жылдың 7 ақпан күні, Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде ақиық ақын, поэзия әлемінің шебері, қазақ жырының құдіреті Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» әдеби кеші өтті. Іс-шарада мектебіміздің 7-сынып оқушылары мұзбалақ ақынның «Жігіттер, мақтанбалық», «Қыздарға», «Анау – аспан, мынау – бақ», «Фаризаға» секілді өлеңдерін, 8-10-сынып оқушылары «Армысыңдар, адамдар», «Туған жер», «Отан», «Анашым», «Адамды адам түсінбеу – бір ақырет» сынды өлеңдері мен ақын туралы айтылған естеліктерді жатқа оқыды. Сондай-ақ кеште ақынның сөзіне жазылған «Үш бақытым», «Жайық толқындары» әндері орындалды. Кеш соңында жас ұрпақ «біз
М – Мұқағалидың
Ұ – ұрпаққа
Қ – қалдырған
А – аманатын
Ғ – ғасырлар
А – арнасына
Л – лайық деп
И – иіліп, бас иеміз» деген мектеп оқушылары ақынның ұрпаққа ұран болған жырларын ешқашан естен шығармайтынын тілге тиек етті. Мектеп директоры Үйсімбаева Сауле Амангелдіқызы барша қатысушыға алғысын білдіріп, «көркем сөздің асылы – поэзия» деп, орынбасары Дүйсенова Сауле Зәріпқызына сөз берді. Сауле Зәріпқызы өз тарапынан шәкірттерге ақын шығармашылығынан жыр шумақтарын тарту етті.