МӘНЕРЛЕП ОҚУ САЙЫСЫ
Бүгін, 2025 жылдың 6 ақпан күні Әлкей Марғұлан атындағы #40 мектеп-лицейінде мектеп парламенті оқушыларының ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай 7-10 сынып оқушылары арасында “Мен өмірді жырлау үшін келгенмін” тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы болып өтті. Мәнерлеп оқу сайысының мақсаты ақын өлеңдерін насихаттап, оқушылардың сөз мәнерін, сахна мәдениетін дамыту болды. 22 оқушы қатысқан сайыс қорытындысы бойынша І орынды Мәдетхан Әсел, ІІ орынды Жылқыбай Назым, Серік Айзере , ІІІ орынды Ерболат Халима, Набиулина Адина, Баянхан Іңкәр , Асылбек Нұртас иеленді. Сондай-ақ барша қатысушы оқушылар арнайы әщірленген алғыс хаттармен марапатталды. Байқау соңында мектеп директоры Уйсимбаева Сауле Амангелдіқызы оқушыларды құттықтап өз алғысын білдіріп, үнемі белсенді болуға шақырды.