ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ: ҚАМҚОР АТА-АНА
Бүгін, 2025 жылдың 31 қаңтар күні Әлкей Марғұлан атындағы 40 мектеп-лицейінде «Психологиялық қолдау орталығы» КММ психологтарының 2025 жылғы қаңтар айының жұмыс жоспарына сәйкес 8-10 сынып оқушыларының ата-аналарына “Қауіпсіз балалық шақ:қамқор ата-ана” тақырыбында семинар-тренинг өткізеді. Аталған семинар тренингті психологиялық қолдау орталығының психолог мамандары жүргізді. Семинар-тренингте жасөспірімдердің жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктері жайында түсіндірме жұмысы жүргізіліп, ата-аналарға жасөспірімдермен қалай қарым-қатынас жасау керектігі туралы бірнеше кеңестер берілді. Семинар – тренингке қатысқан барша ата-аналарымызға алғыс білдіреміз. Сондай-ақ мектепте ата-аналарға заңсыз ақша жинауға қатаң тиым салынатыны туралы да ақпарат берілді.