1-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ “ЖАС ҚЫРАН” ОҚУШЫЛАР ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАНДЫ
2025 жылдың 21  қазан  Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде 25 қазан Республика күні қарсаңында мектебіміздің  1-сынып оқушылары республикалық бірыңғай “Жас Қыран”  балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтнатты түрде қабылдау жиыны болып өтті. Іс-шараның басты мақсаты: Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойына рухани-адамгершілікті қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру болды. Іс-шараға  мектеп директоры, директордың оқу және тәрбие ісі жөніндегі  орынбасарлары, сынып жетекшілер және мектептің Өзін-өзі басқару ұйымының оқушылары қатысты. Салтанатты жиында мектеп директоры Сауле Амангелдіқызы мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Есіл Жұмагүл Балтабайқызы, Хайздай Нұргүл,  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Атчибаев Қайрат Сиражиденұлы, мектебіміздің тәлімгері Сулейменова Сәндігүл Қалымжанқызы  биылғы мектеп табалдырығын аттаған оқушыларымызға туымыз түстес көгілдір төсбелгі тақты.
