Skip to content

ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ Бүгін 2025 жылдың 23 қазан күні Әлкей Марғұлан…

ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ

Бүгін 2025 жылдың 23 қазан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде Астана қаласы Білім басқармасының және Астана қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қолдауымен 7-8 сынып оқушылары арасында «Есірткісіз болашақ» атты футзал турнирі өтті. Аталған турнирге Астана қалассының «40 мектеп-лицейі, №41 орта мектеп, №58 мектеп- гимназиясы және №68 мектеп-гимназиясы командалары қатысты. Турнир мақсаты жасөспірімдерді салауатты өмір салтына тәрбиелеу, зиянды нәрселерден аулақ болуға, спортты серік етіп адал жолда жүруге баулу болды. Тартысты өткен турнир нәтижиесінде жүлделі І орынды №40 мектеп-лицей командасы, ІІ орын №58 мектеп-гимназиясы, ІІІ орынды №41 орта мектеп командасы иеленді. Турнирде ептілігімен көзге түскен ойыншыларға «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қақпашы» номинациялары табысталды. Турнир жеңімпаздарын Астана қаласы полиция департаментінің есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Д.Байбазаров және Астана қаласы Білім басқармасының өкілі Г.Мұхамеджанқызы құттықтап естелік сыйлықтар мен арнайы дипломдарды табыстады. Жастарымыздың болашағы жарқын болсын!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *