Skip to content

РЕСПУБЛИКА КҮНІ – ҰЛТ РУХЫН ҰЛЫҚТАҒАН МЕРЕКЕ! 🇰🇿 Бүгін, 2025…

РЕСПУБЛИКА КҮНІ – ҰЛТ РУХЫН ҰЛЫҚТАҒАН МЕРЕКЕ! 🇰🇿

Бүгін, 2025 жылдың 24 қазан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде Республика күніне арналған мерекелік концерт болып өтті.
Салтанатты шара еліміздің басты нышаны – Мемлекеттік Гимнді орындаудан басталып, көпшіліктің көңілін рухтандырды. Мерекелік кеште оқушылар орындаған әсерлі әндер мен би қойылымдары, жүрекке жылу сыйлаған поэзия жолдары – барлығы да елге деген сүйіспеншілікті, Отанға деген мақтаныш сезімін паш етті. Еліміздің жарқын болашағы – оқушыларымыздың адал, білімді, еңбекқор болып өсуі ата-ана мен ұстаздар үшін мақтаныш екендігін айтып, мерекелік кешке қатысқан қамқоршы ата-аналарымызға алғысын білдіріп, қашанда ел дамуына сәз бен біз болып өз үлесімізді қосып, туған жердің мерейін асқақтата берейік деді мектеп директоры Сауле Амангелдіқызы. Бейбіт аспан көгінде қырандай қалықтаған Қазақстан әр азамат үшін қасиетті атамекен, қастерлі Отан, татулық пен тұрақтылыққа, жарқын болашаққа бет алған еліміз дос қуанатын, әлем сүйсінетін берекелі, елге айналсын. Баршаңызды Республика күнімен құттықтаймыз!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! 🇰🇿

#РеспубликаКүні
#МеніңЕлім
#ТәуелсізҚазақстан
#МектепӨмірі
#ПатриоттықРух

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *