Skip to content

1-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ “ЖАС ҚЫРАН” ОҚУШЫЛАР ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАНДЫ 2024 жылдың 13…

1-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ “ЖАС ҚЫРАН” ОҚУШЫЛАР ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАНДЫ

2024 жылдың 13 желтоқсан Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде ҚР Тәуелсіздік мерекесі күні қарсаңында мектебіміздің 1-сынып оқушылары республикалық бірыңғай “Жас Қыран” балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтнатты түрде қабылдау жиыны болып өтті. Іс-шараның басты мақсаты: Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойына рухани-адамгершілікті қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру болды. Іс-шараға мектеп директоры, директордың оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер және мектептің Өзін-өзі басқару ұйымының оқушылары қатысты. Салтанатты жиында мектеп директоры Сауле Амангелдіқызы мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Есіл Жұмагүл Балтабайқызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Найманбаева Жұлдыз Балғабаевна, Атчибаев Қайрат Сиражиденұлы және өзін-өзі басқару ұйымының оқушылары биылғы мектеп табалдырығын аттаған оқушыларымызға туымыз түстес көгілдір төсбелгі тақты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *