Skip to content

«ЖАС ҰЛАН» БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ Бүгін 2024…

«ЖАС ҰЛАН» БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ

Бүгін 2024 жылдың 13 желтоқсан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ҚР Тәуелсіздігі күніне орай 5 -сынып оқушылары “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылданды. Әрбір шәкірт үшін жауапкершілік пен патриотизм рухын сезінуге бағытталған жиынның мақсаты – еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар, рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыру болды. Ұйымға қабылданған оқушылар туған жерін, елін, салт- дәстүрін, тарихын, ана-тілін қастерлеуге, тәрбиелі, білімді, нағыз азамат болуға ант берген оқушыларға мектеп директоры Үйсимбаева Сәуле Амангелдіқызы үнемі мектеп пен қоғамның дамуына үлес қосатын нағыз патриот, білімді азамат болыңдар деп, арнайы әзірленген сертификаттарды табыстады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *