Спорт күні Бүгін 2025 жылдың 28 қазан күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде “Салауатты ұстаз” мектеп мұғалімдеріне арналған спорттық ойындар сайысы өтті. Аталған сайыс мақсаты мектеп ұстаздары арасындағы ынтымақтастықты нығайту, ұжымдық бірлікке шақыру және салауатты өмір салтын ұстану. Тартысты да қызықты өткен спорттық ойын “Асық ату”, “Бес асық”, “Дартс”, “Арқан тарту”, “Тир ату” және “Көңілді мәре” сияқты кезеңдерді қамтыды. Әр спорттық бағыттан жинаған ұпайлар нәтижиесі бойынша ІІІ орынды Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі, ІІ орынды Бастауыш сынып бірлестігі және жүлделі І орынды Технология және Музыка бірлестігі жеңіп алды. Жеңімпаз бірлестіктерге мектеп директоры атынан арнайы диплом мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Бірлігіміз жарасып, күш -жігеріміз арта берсін!
















