Бүгін, 2025 жылдың 29 қазан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп -лицейінде мектеп парламентінің ұйымдастыруымен 5-7 сыныптар арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойыны өткізілді. Сайыстың мақсаты: оқушылардың күзгі демалысын қызықты өткізу, білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Көшбасшылық қабілеттерін ояту, жан-жақты болуға баулу. Сайыс : «Бәйге», «Жеті жұрттың тілін біл, «Қызықты тоғыздық», «Жорға» сияқты 4 кезеңнен тұрды. Ең алдымен, оқушылар бөлініп, Жұлдыздар, «Қырандар» , «Айлар» сияқты топтарға топтастырылды. Әр кезеңнің ұпай санын қорытындылап, санайтын әділ-қазалар алқасы құрылды. Сайыс соңында, 1 орын «Айлар» тобы, 2 орын «Қырандар» тобы, 3-орын «Жұлдыздар» тобы иеленді. Құттықтаймыз!!!





