Бүгін, 2025 жылдың 29 қазанында мектебімізде «Оқушылардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктері» тақырыбында ата-аналарға арналған ашық есік күні өтті.
Іс-шараның мақсаты – ата-аналармен тығыз байланыс орнатып, әр оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тиімді оқыту мен тәрбиелеу жолдарын талқылау. Кездесу барысында ата-аналармен қызықты тренингтер, пікір алмасулар мен тәжірибе бөлісу жұмыстары жүргізілді. Шара соңында ата-аналар балаларының оқу үдерісіндегі жетістіктері мен қажеттіліктері туралы пайдалы мәліметтер алды.











