АШЫҚ СЫНЫП САҒАТЫ
Бүгін 2024 жылдың 11 желтоқсан күні Әлкей Марғұлан атындағы #40 мектеп-лицейінің 7 “В” сыныбы тәуелсіздік күніне орай “ Ар – намысым, мақтанышым, қасіретім – ЖЕЛТОҚСАН” тақырыбында ашық сынып сағатын өткізді. Аталған шараға мектебіміздің оқушылары мен ұстаздары, 7 “В” сыныбының ата-аналары қатысты. Шарада оқушылар Тәуелсіздік жолында құрбан болғандарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жариялап, желтоқсаншыларға арналған өлең шумақтарын жатқа оқыды. Сондай-ақ кеште Желтоқсан желі, Қасқалдақ әндері орындалды. Аталған іс-шараны ұйымдастырған сынып жетекшісі Жұлдыз Төлегенқызы